Ақмешіт ауылдық округі әкімінің атқарылған жұмыс туралы есебі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмешіт ауылдық округінде аудан әкімінің халықпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Ақмешіт ауылдық округінің әкімі есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына, аумақты абаттандыруға, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмысқа, сондай-ақ тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге егжей-тегжейлі тоқталды.

 

Іс-шара барысында халыққа қол жеткізілген нәтижелер, алдағы кезеңге арналған жоспарлар және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, аудан басшылығымен өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Кездесу қорытындысы бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-akmeshit/press/news/details/1227390?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді