Ақтөбе облысында білім беру нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлы Батырханның төрағалығымен өңірдегі білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына арналған кеңес өтті.

Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева, басқарма өкілдері, қала және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен мердігер компаниялардың өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда облыс бойынша 8 мектеп пен 1 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жобалар аясында шатыр мен қасбеттерді жаңарту, инженерлік желілерді жөндеу, ішкі әрлеу жұмыстары, сондай-ақ жылу, су, кәріз және электр жүйелерін жаңғырту көзделген.

 Кеңес барысында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы, мерзімдерінің сақталуы және нысандардағы қауіпсіздік мәселелері басты назарға алынды.

«Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуы — негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан барлық жөндеу жұмыстары сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс», — деді Жолдас Батырхан.

Сонымен қатар, барлық нысандар жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық пайдалануға берілуі қажет екені атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелер мен мердігер ұйымдарға жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1227145?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді