
Түркіменстан астанасында XXV «Ақ қала Ашхабад – 2026» (WCA 2026) халықаралық көрмесі мен конференциясы өтуде.
Мерейтойлық форумға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев, сондай-ақ «Astana Invest» басқарма төрағасының кеңесшісі Ерлан Садабаев қатысуда.
«Сәулет. Инновациялар. Тұрақты даму» ұранымен өтіп жатқан форум Түркіменстан астанасының күніне орай ұйымдастырылған. 25 жыл ішінде алаң урбанистикалық трансформация, қалалық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру және халықаралық инвестициялық ынтымақтастық саласындағы Орталық Азиядағы беделді халықаралық форумдардың біріне айналды.
Іс-шара бағдарламасына халықаралық серіктестікті дамытуға және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған пленарлық отырыстар, тақырыптық сессиялар, іскерлік кездесулер мен сарапшылық пікірталастар енгізілген.
Астана үшін мұндай халықаралық алаңдарға қатысу қалалық инфрақұрылымды дамыту, заманауи урбанистикалық шешімдерді енгізу және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету бағытында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, форумға қатысу Астана мен Ашхабад арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, инвестициялық байланыстарды кеңейтуге және қалаларды кешенді дамыту саласындағы озық тәжірибені зерделеуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1228008?lang=ru

Жауап қалдыру