
№104 орта мектебінде 2025-2026 оқу жылын қорытындылау және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың оқу жетістіктері мен тәртібі сараланып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалды.
Сонымен қатар жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолда жүру ережелерін сақтау, су айдындарындағы қауіпсіздік, интернетті дұрыс пайдалану және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға баулу, еңбекке және жауапкершілікке тәрбиелеу жөнінде ұсыныстар берілді. Жиналыс соңында ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, алдағы оқу жылына сәттілік тілектерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1227945?lang=ru

Жауап қалдыру