
|
|
|
Жоба |
|
|
|
|
Бахар ауылдық округі Бахар ауылының
көшесіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуіріндегі қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Бахар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Бахар ауылының оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан бірінші көшесін – Тамшыбұлақ, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан бесінші көшесін – Желмая, оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан алтыншы көшесін – Оқжетпес, Бахар ауылының шығыстан батысқа қарай алтыншы көшесін – Байтақ көшесі деп аталсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бахар ауылдық округінің әкімі М. Мадамилов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-bahar/press/news/details/1227903?lang=ru

Жауап қалдыру