
17 мамыр — Байланыс қызметкерлері күніне орай Батыс Қазақстан облысының цифрлық технологиялар басқармасы ұйымдастыруымен конференция өтті. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Атап айтқанда, тұрақты комиссия төрағасы Лаврентьев Борис Георгиевич және комиссия мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Қаженов Марат Жаулыбайұлы қатысты. Конференция аясында байланыс, мобильді байланыс және цифрлық технологиялар саласындағы заманауи жобалар мен жаңа бастамалар таныстырылып, цифрландыру бағытындағы жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар өңірде жүзеге асырылып жатқан IT жобалармен, мобильді байланыс сапасын арттыру, интернет желісін кеңейту және мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта жетілдіру бағытындағы жұмыстармен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1227654?lang=ru

Жауап қалдыру