
Павлодар облысының Өңірлік психологиялық қолдау орталығының мамандары сағат 18.00-де бір мезгілде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер мен мекеме қызметкерлері арасында анонимді сауалнама жүргізді.
Сауалнама тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайларына қанағаттану деңгейін, олардың киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ инвентарьмен қамтамасыз етілуін зерделеуге, сондай-ақ буллинг, зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас және балалар құқықтарының өзге де бала құқықтарының бұзылу фактілерін анықтауға бағытталды.
Сауалнаманың анонимді форматта өткізілуі қатысушылардың ашық әрі объективті жауап беруін қамтамасыз етті. Алынған нәтижелер тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайларын одан әрі жақсартуға, балалар құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуға және олардың білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға пайдаланылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1227593?lang=ru

Жауап қалдыру