БАТЫС ҚАЗАҚСТАН — І ДӘРЕЖЕЛІ ЖЕҢІМПАЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Астана қаласында өткен республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасында Батыс Қазақстан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 🥇 І дәрежелі орынды иеленді!
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қоры мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған білім бәйгесіне еліміздің үздік оқушылары қатысып, бақ сынады. Облыс намысын қорғаған оқушылардың жетістігі — сапалы білім мен табанды еңбектің нәтижесі✨
🥇 I орын иегерлері:
🔹 Сағынғали Нұрәмір — Орал қаласындағы “Білім-инновация” мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, «Білгірлер бәйгесі» бағыты, қазақ тобы;
🔹 Кумаев Ильмир — Орал қаласы №25 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы, «Сөз шеберлері» бағыты, өзге ұлт тобы;
🔹 Олжағали Мансур — Қаратөбе ауданы Б. Қаратаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы, «Әнші бұлбұлдар» бағыты, қазақ тобы.
🥈 II орын:
🔹 Буянов Вадим — Орал қаласы №51 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы, «Білгірлер бәйгесі» бағыты, өзге ұлт тобы.
🥉 III орын иегерлері:
🔹 Кумаров Ернұр — Жәнібек ауданы №1 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, «Бейнелеушілер» бағыты, қазақ тобы;
🔹 Жәкібай Каусар — Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №6 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы, «Жас қаламгер» бағыты, қазақ тобы.
🎓 Сонымен қатар, Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Үмбетқали Бекарыс Ш.Мұртаза атындағы Тараз университетінің «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша грант иеленді.
👏 Жеңімпаздарды, жетекшілерді және ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл — Батыс Қазақстан облысы білім саласының үлкен жетістігі! ✨

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1227405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді