Бестамақ орта мектебі қабырғасында мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты қоштасу кеші өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл білім ордасының 35 оқушысы Бестамақ орта мектебін аяқтап, үлкен өмірге қанат қақты. Салтанатты шара барысында мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, ақ жол тіледі.
Кеш барысында мектеп өмірінен естеліктер айтылып, өнер көрсетіліп, үздік оқушылар марапатталды. Түлектер алтын ұя мектебіне, білім мен тәрбие берген ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектерге сәттілік тілейміз! Әрбір жас талапкер өз білімін жоғары деңгейде көрсетіп, таңдаған мамандықтарының иесі атансын деген ізгі ниет білдіреміз.
Мектеппен қоштасқан жас түлектер енді жаңа өмірге қадам басып, өз армандары мен мақсаттарына жол тартуда.
Жас түлектерге жарқын болашақ, биік белестер, мол жетістік пен толағай табыс тілейміз! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-bestamaq/press/news/details/1227915?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді