Еліміздің білім беру саласында маңызды оқиғалардың бірі – «Ата заң: адами капитал және адал азамат» тақырыбындағы республикалық онлайн форматтағы семинар-тренинг өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің білім беру саласында маңызды оқиғалардың бірі – «Ата заң: адами капитал және адал азамат» тақырыбындағы республикалық онлайн форматтағы семинар-тренинг өтті. Ауқымды іс-шара теориялық мазмұндағы пленарлық отырыс пен тәжірибеге бағытталған бөлімдерді қамтыды.

Жиынға “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар қауымы мен әдіскерлер қатысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Бұл – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, кәсіби дамуға серпін беретін алаң болды.

Семинардың басты мақсаты – ел Конституциясында айқындалған негізгі құндылықтарды білім беру үдерісімен сабақтастыра отырып, жас ұрпақ бойында адалдық, жауапкершілік және азаматтық сана қалыптастыруда педагогтердің рөлін күшейту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1227837?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді