
Жоба
Шарын ауылдық округі Шарын ауылының
көшесіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2026 жылғы 29 сәуіріндегі қорытындысының негізінде Ұйғыр ауданының Шарын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шарын ауылының батыстан шығысқа қарай көшелер бойынша кезекпен: төртінші көшені – Бейбарыс сұлтан көшесі, он бірінші көшені – Қажымұқан көшесі деп аталсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шарын ауылдық округінің әкімі Б.Алғазиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-sharyn/press/news/details/1227351?lang=ru

Жауап қалдыру