Хабарландыру. Ақсуат ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың депутаттарының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хабарландыру

 

Ақсуат ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың депутаттарының назарына!

 

         Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы сағат 10.00- де, мәслихаттың кезекті қырық бесініші сессиясы 2026 жылдың 15 маусым күні сағат 11.00- де аудандық мәслихаттың ғимаратында өтеді.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі;

         Хабарламашы: Ескендіров Ерсін Кәдірбекұлы – аудан әкімі.

  1. Аудандағы егістік, шабындық, жайылымдық жерлерді зиянкестерден қорғау және оларды жоюдағы атқарылған іс шаралар туралы;

Хабарламашы: Қапанов Данияр Бақытбекұлы – ҚР Ауыл шаруашылығы министірлігі АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ Абай облысы Ақсуат аудандық филиалының басшысы.

  1. Екпін ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;

Хабарламашы: Қараталов Айбек Найманғазыұлы – Екпін ауылдық округінің әкімі.

  1. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары және бюджетінің орындалуы туралы.

         Хабарламашы: Дәуренбекұлы Мирас Дәуренбекұлы –аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

         Әртүрлі мәселелер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/1227345?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді