«Кеңгір керімсалы» ІІ республикалық поэзия фестивалінің ашылу салтанаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚 Жезқазған қаласында «Кеңгір керімсалы» ІІ республикалық поэзия фестивалінің ашылу салтанаты Абай ескерткіші алаңында өтті.

📚 Биылғы фестиваль қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдық мерейтойына арналады.

📚 Ашылу салтанатына елімізге белгілі қаламгерлер мен ақындар қатысты. Олардың қатарында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, аудармашы Қошым-Ноғай Байбота, сондай-ақ танымал ақындар:
🔸Оңайгүл Тұржан – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, бірнеше әдеби сыйлықтардың иегері.
🔸Батырхан Сәрсенхан – халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлде иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын.
🔸Мөлдір Айтбай – ақын, бірнеше поэзиялық кітаптардың авторы, ұлттық әдеби жобалардың жетекшісі.
🔸Асылан Тілеген – ақын, Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың иегері.

📚 Шара барысында қонақтар өлең оқып, көрермендерге рухани сый тарту етті.

📚 Іс-шара соңында қатысушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ақын рухына тағзым етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-zhezkazgan/press/news/details/1227395?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді