Көксу ауданында өткен “SHAGAN FEST” марафонында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көксу ауданында Шаған тауының шыңын бағындыруға арналған “SHAGAN FEST” марафоны аясында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында профилактикалық акция өткізді.

Ауқымды іс-шара аудан тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, полицейлер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Көксу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтарға арнайы ақпараттық брошюралар таратып, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтып берді. Әсіресе жеке деректерді қорғау, мобильді қосымшалар мен онлайн-банкингті қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, бөгде адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және өзге де құпия ақпараттарды бермеу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар интернет арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға шақырды.

Полицейлердің айтуынша, цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау интернет-алаяқтардың құрбаны болу қаупін азайтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1227862?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді