Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылғы 15 мамырдағы №163-НҚ бұйрығына сәйкес қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қатысуымен «2025 жылы тапсырылған форма-18 есебі бойынша облыстық семинар-кеңес өткізу туралы» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинар-кеңес барысында Департамент басшысының орынбасары мен тиісті бөлім басшылары тарапынан Басқармалар мамандарымен 2025 жылдың қорытындылары және форма-18 статистикалық есеп нысанының тапсырылу сапасы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, есепті қалыптастыру барысында анықталған негізгі кемшіліктер мен оларды болдырмау жолдары қарастырылды.

Кеңес барысында форма-18 есеп нысанын дұрыс толтыру тәртібі, көрсеткіштердің нақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ түсіндірме хаттарды рәсімдеу талаптары бойынша әдістемелік түсіндірмелер берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша департамент тарапынан басқармалар мамандарына алдағы уақытта есептілікті сапалы әрі уақтылы ұсыну, анықталған кемшіліктерге жол бермеу және статистикалық мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1227186?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді