Маңғыстауда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін билборд орнатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мамыр айында «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» республикалық автожолының 779/7-шақырымында, Батыр ауылы тұсына «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» тақырыбындағы билборд орнатылды.

Жұмыстарды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы жүргізді.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сонымен қатар, «Назар аударыңыз, мал жануарларының кенеттен жолға шығуы мүмкін!», «Апаттылық деңгейі жоғары жол қиылысы», «Қауіпті жол учаскесі» тақырыптарындағы билбордтарды Бейнеу, Шетпе және Бекі елді мекендерінде орнату жоспарлануда.

Мақсат — жүргізушілердің назарын аударып, жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

https://www.instagram.com/reel/DYo-tnRMyOI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1227363?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді