Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есепті талқылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 сәуірде Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасында 2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есептің жария талқылауы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Заңының 23-бабы 6-тармағына сәйкес ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қызмет алушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар қарастырылып, мемлекеттік қызмет алу кезінде туындайтын өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Сонымен қатар, туындаған проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1227848?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді