2026 жылғы 18–25 мамыр аралығында өткізілетін «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясы аясында Бурабай ауданының прокуратурасы полиция бөлімімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында аудан тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, мектептер, балалар алаңдары және балалар көп жиналатын орындардың маңында аса мұқият болу қажеттігі ескертілді.
Құрметті жүргізушілер мен ата-аналар! Жолда мұқият болыңыздар, жылдамдық режимін сақтаңыздар, жаяу жүргіншілерге жол беріңіздер және балаларды жолдың жүру бөлігіне жақын жерде қараусыз қалдырмаңыздар.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік! Тек бірлескен күш-жігердің арқасында жол-көлік оқиғаларының алдын алып, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға болады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1227592?lang=ru

Жауап қалдыру