облыс аумағында жүн және тері жинауды ұйымдастыру мақсатында дайындау орталықтарының жұмысын кеңейту бойынша басқарма тарапынан қазіргі уақытта жұмыстар атқарылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында жүн және тері  жинауды ұйымдастыру  мақсатында  дайындау орталықтарының жұмысын кеңейту бойынша басқарма тарапынан қазіргі уақытта жұмыстар атқарылуда.

Облысымыздың  ірі қара және ұсақ малдар  шоғырланған аудандарында  атап айтқанда Зайсан ауданында тері дайындау, Күршім ауданында жүн жинау пункеттерін ашу бойынша айтулы істер қолға алынды.

Атап айтқанда Зайсан ауданыда тері жинау бойынша  «Жармұханбат» шаруа қожалығы Жармұханбат Айтбек есімді  азамат осы салада ауданға жақын орналасқан елді мекендерден тері жинаумен айналасып келгендіктен осы істі ары қарай дамыту мақсатында, Зайсан ауданының әкімдігімен бірлесіп  тері жинау пункітін ашуға келісім беріп, өз ұсыныстарын айтып жұмысты ары қарай жалғастыру мақсатында мәселелер талқыланып істі жалғастыру қолға алынды.

 Басқарма Республика аумағында  тері және жүн өңдейтін сала бойынша  талдау жүргізді. Нәтижесінде елімізде 11 тері өңдеу зауыты мен цехы, жүн өңдеу саласындағы  7 кәсіпорын бар екені анықталды. Кәсіпорындардың басым бөлігі Батыс Қазақстан өңірінде және республиканың оңтүстік аймақтарында орналасқан.

11 тері өңдеу зауытының біреуі облысымызға таяу орналасқан Абай облысының Семей қаласында орналасқан  «ST Invest Group» ЖШС .

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, компания сапасы әртүрлі – төмен сорттан бастап жоғары сортқа дейінгі шикізатты қабылдай алады. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы айына 1000 тонна өңделген өнім, алайда шикізат тапшылығына байланысты қазіргі таңда 500–600 тонна көлемінде ғана жұмыс істеп отыр.

Осы кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету барысында басқарма  тарапынан өз үлесімізді қосуды жөн көріп  Зайсан ауданында тері дайындау, пункітінің жұмысын жандандырып жан  жақты қолдау көрсетіп айтулы іс қолға алынды.

Соның бірі  ағымдағы жылдың 22 мамырында  Абай облысының Семей қаласында облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Е. Каджибекова., Зайсан ауданы әкімінің орынбасары  Н.Н. Кабидолдина . және «ST-Invest Group» ЖШС зауытының басшысы Н.Ж. Жамбай арасында Шығыс Қазақстан облысында тері дайындау пункттерінің жұмысын одан әрі жалғастыру және жиналған теріні жұмыс істеп тұрған ТОО «ST-Invest Group» зауытына тікелей өткізу, мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша келісім жасалып,меморандумға қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1227809?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді