Өңірлік даму – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өңірлік даму – басты назарда
Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасын іске асыру мәселесіне арналған маңызды кеңес өтті. Жиынға аудан әкімінің міндеттерін атқарушы Мұхтар Шайжанов төрағалық етті.
Кеңеске Батыс Қазақстан облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева, басқарма басшысының орынбасары Армат Байғазиев және басқарма мамандары арнайы қатысып, ауданның алдағы даму бағыттары бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар аудандық аппарат басшысы, дербес бөлім және мекеме жетекшілері қатысты.
Жиынды ашқан Мұхтар Мерекеұлы өңірлік даму тұжырымдамасын жүзеге асыру – аудан экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызды құжаттардың бірі екенін атап өтті. Ол облыстан арнайы келген мамандарға алғыс білдіріп, кеңес жұмысына сәттілік тіледі.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Бибігүл Қонысбаева баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда облыс аудандарында өңірлік даму тұжырымдамасын іске асыру бағытындағы жұмыстар зерделеніп, әр ауданның нақты жоспары болуы қажет.
– 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша аудандарды аралап жүрміз. Әр ауданның бекітілген жоспары болып, сол жоспар негізінде жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс, – деді Бибігүл Тишанқызы.
Жиында аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының орындалу барысы, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар нақтыланып, жауапты бөлімдерге бірқатар міндеттер жүктелді.
Кеңес барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға бағытталған бастамалар ортаға салынды.
Жиын қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. Мұндай кездесулер ауданның даму қарқынын арттырып, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына серпін беретіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1227418?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді