Орал қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы Бағдарламалар офисімен бірлесіп, Орал қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіру, талқылау және құқық қолдану тәжірибесімен алмасу.
Аталған шараға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысып, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Семинар-тренингке сот, құқық қорғау органдары, мемлекеттік және мүдделі мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
🤝 Осындай кездесулер балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, тиімді тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1227398?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді