ҚАЛА ӘКІМІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚАЛА ӘКІМІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Үшарал қаласының әкімі А.Абишев Мұхаметбай Мыңбайұлы атындағы орта мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, жас түлектерге өзінің жылы лебізін білдірді.

Бүгін мектеп бітірушілердің өміріндегі ең маңызды сәт- “Соңғы қоңырау” салтанаты еліміздің барлық аймағында бір мезетте өткізілуде.
Үшарал қаласы бойынша 2025-2026 оқу жылында 275 мектеп бітіруші түлектеріміз аяқтап, оның 16 түлегі «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер болса, 28 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.

Егемен еліміздің айбынын асқақтатар, үкілі үмітін ақтар жалынды жастардың қатары көбейе берсін. Олай болса, күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер. Сондықтан құрметті түлектер, жарқын болашақтың кілті Сіздердің қолдарыңызда.

Әрқашанда денсаулықтарыңыз мықты, келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын!

Үлкен өмірге басқан қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1227771?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді