Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін, 25 мамырда, қалалық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Айман Ғалымжанқызы Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тыс LХІV сессиясы өтті.
 
Отырыс барысында күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Қонаев қаласы мен Шеңгелді ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, Қонаев қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиясы құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.
 
Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1227823?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді