
Қаратөбе ауданы бойынша өрт қауіпсіздігіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық аясында Қаратөбе аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Е.Бақтығалиев және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Искаков ауылдық округ әкімдіктерінің дайындығын тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Барлық ауылдық округтердің аумағында құрылған ерікті өртке қарсы жасақттардың дайындығы пысықталды. Тексеріс барысында ранцылардың саны, өрт сөндіруге арналған тірке құралдары, сапалақтардың (линейкалар), сыпырғыштар және өзге де өрт сөндіру техника құралдарының жарамдылығы мен жеткіліктілігі қаралды.
Сонымен қатар, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1227469?lang=ru

Жауап қалдыру