Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов азаматтарды жеке қабылдады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026жыл 21мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтар әлеуметтік, еңбек, тұрғын үй, сотқа дейінгі және өзге де құқықтық мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес азаматтарға өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін пайдалана алатын тәсілдер мен құралдар жөнінде ауызша құқықтық түсініктемелер берілді.

Әрбір өтініш заң аясында қаралып, тиісті мекемелерге жолдау және мәселенің шешілу барысын бақылауға алу бойынша нақты шаралар қабылданатыны айтылды.

Адам құқықтарын қорғау және азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1227480?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді