
Бүгін Душанбе қаласындағы Каратаг шатқалында халықаралық оқу-жаттығулардың негізгі кезеңі өтеді. Оның аясында қатысушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жою сценарийлерін, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің құтқару бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды кешенді түрде пысықтайды.
Оқу-жаттығу қарсаңында қазақстандық құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ арнайы техника мен жабдықтарды қолдану бойынша практикалық элементтерді сәтті орындады.
Қойылған міндеттерді орындау үшін жол талғамайтын заманауи автокөліктер, реанимобиль, ТЖМ-нің мобильді әрекет ету кешендері, гидравликалық авариялық-құтқару құралдары, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдары, сондай-ақ арнайы альпинистік және сүңгуір жабдықтары жұмылдырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1227525?lang=ru

Жауап қалдыру