Қазақстанның туристік әлеуетін «WeChat» цифрлық алаңы арқылы ілгерілету мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 мамыр, Гуанчжоу – Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулы Уалихан Сәрсембеков «Tencent» компаниясының кеңсесінде «Guangzhou Tencent Technology Company» компаниясының бас директоры Ху Жэньцзе жетекшілік ететін «WeChat Mini Program» командасының басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуге сондай-ақ «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері мен Қазақстанның туристік компаниялары қатысты. Тараптар туризм саласын цифрландыру бағытындағы ынтымақтастық перспективаларын, «WeChat» экожүйесі арқылы Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету мәселелерін, сондай-ақ «Қазақстанды аш» мини-бағдарламасын дамыту бағыттарын талқылады.

У.Сәрсембеков қазақстандық туристік және цифрлық сервистерді «WeChat» платформасымен ықпалдастыруға қызығушылық білдіріп, Қазақстан туралы туристік ақпаратты, туристік бағыттар мен көрікті орындарды, сондай-ақ визалық және көші-қон сервистерін аталған цифрлық алаң арқылы ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қытай тарапы Қазақстанмен цифрлық туризм және саяхатшыларға арналған цифрлық сервистер саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге жоғары қызығушылық танытатынын растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық туризмді дамыту, туристік сервистерді жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-guangzhou/press/news/details/1227571?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді