Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Келе жатқан Құрбан айт мерекесін жоспарлау мақсатында жиналыс өткізілді

Биыл Құрбан айт 27, 28 және 29 мамыр күндері өтеді. Барлық мешіттерде 27 мамыр күні сағат 06:00-де айт намазы оқылады.

Құрбан шалу рәсімін өткізу үшін арнайы орын ретінде «Қайрат» мешіті белгіленді (Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22).

Мереке күндері аталған орында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары кезекшілік атқарады. Санитариялық талаптардың сақталуы, аумақтың тазалығы, қалдықтардың шығарылуы және тұрғындардың қауіпсіздігі бақылауда болады.

Құрбан шалуды тұрғын үйлердің аулаларында, көшелерде және рұқсат етілмеген орындарда өткізуге тыйым салынатынын еске саламыз.

Сонымен қатар qurban.muftyat.kz онлайн-сервисі қайта іске қосылды. Бұл сервис арқылы құрбан шалуға қашықтан тапсырыс беріп, рәсім аяқталғаннан кейін бейнеесеп алуға болады.

Мұқтаж жандарға ет қабылдау және тарату пункттері мешіттерде ұйымдастырылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1227737?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді