
Қазақстан шахмат федерациясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен 2026 жылғы 17 қаңтар мен 26 маусым аралығында «Senat Open» шахматтан 3-ші ашық кубогын өткізуде.
Турнир төрт кезеңнен тұрады және барлық деңгейдегі депутаттар, қоғамдық кеңес өкілдері мен аға буын өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау салаларының қызметкерлері және БАҚ өкілдері арасында шахматты кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.
2026 жылғы 23 мамырда Көкшетау қаласында «Senat Open» 3-ші ашық кубогының іріктеу кезеңінің ширек финалы өтті.
Бұл жарыста біздің ауданның намысын 6 қатысушы қорғады. Іріктеуден өткен екі қатысушы түрлі себептермен жарысқа қатыса алмады.
Соған қарамастан барлық қатысушылар жақсы нәтиже көрсетіп, тоғыз тур қорытындысында 3-тен 6,5 ұпайға дейін жинады. Жалпы есепте ауданымыз жақсы нәтиже көрсетіп, үздік алты команданың қатарына енді.
Ардагерлер арасындағы номинацияда Ахметов Амантай үшінші орын алып, диплом және медальмен марапатталды. Жарысқа қатысқаны үшін сертификаттармен Әлжанов А., Ахметов А. және Сарсенов Б. марапатталды.
Сондай-ақ өз номинациялары бойынша Туканаев Мақсұт, Мұқантай Қуаныш және Шакиров Аслан да жақсы өнер көрсетті.
Аудан бойынша үздік нәтиже көрсеткен Ахметов А. енді Ақмола облысының атынан Павлодар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары командалары қатысатын «Senat Open» кубогының жартылай финалында (Солтүстік өңір) өнер көрсететін болады. Оған алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз. Ал финал 26 маусым күні Астана қаласында өтеді.
Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткені үшін «Агропромтехника» ЖШС-нің басшысы Валентин Алексеевич Сидоровқа үлкен алғысымызды білдіреміз.
Жалпы, жарыс жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Жыл сайын облыстың түкпір-түкпірінен қатысушылар саны артып келеді.
Тағы да біздің шахматшыларымызға осы жарыстарда белсенді әрі табысты өнер көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін.
Аудандық мәслихат төрағасы
Асылхан Альжанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1227287?lang=ru

Жауап қалдыру