ШҚО мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейде өткен салтанатты шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Бұл білім ордасында 11 сыныпты 44 оқушы тәмамдап отыр.

«Баршаңызды оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру ісінде қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына шынайы алғысымызды білдіреміз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласын дамытуға айрықша мән беріп келеді. Білім беру жүйесінде заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану және тиімді пайдалану жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде», – деді облыс әкімі.

Бүгін жалпы облыс бойынша 354 мектепте соңғы қоңырау соғылып, 11-сыныпты 5 мыңнан астам түлек аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. 494 оқушы «Алтын белгі» иегері атануға үміткер болса, 439 түлек үздік аттестатқа ұсынылған. Олардың қатарында осы лицей түлектері де бар. 

Соңғы қоңырау соғылған соң аймақ басшысы №44 лицей ғимаратының ішін аралап көрді. 1993 жылы ашылған бұл білім ордасы 2022 жылы қала бойынша «Ең үздік орта білім беретін ұйым» номинациясын иеленген. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде ШҚО Білім басқармасына лицей ғимаратын қайта жаңғыртудан өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу міндетін қойды.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1227711?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді