
ШҚО полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықты тергеу ерекшеліктерін талқылады
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне арналған оқу сабағы өтті. Жеке құрамның біліктілігін арттыруға бағытталған шараны ШҚО ПД Анықтау басқармасы ұйымдастырды.
Сабақтың негізгі тақырыбы — отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты тергеуге арналды. Қатысушылар заңнама талаптарын талқылап, тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарды саралау ерекшеліктерін қарастырды және мұндай істерді тергеу барысында барлық мән-жайларды дұрыс бағалау тәсілдерін меңгерді.
Әріптестер алдында Анықтау басқармасының аға анықтаушысы, полиция майоры Салтанат Ерназарова сөз сөйлеп, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу фактілері бойынша дәлелдемелерді жинау кезінде назар аударылатын негізгі мәселелерге жан-жақты тоқталды.
Оқу барысында тергеу жүргізу кезіндегі қателіктердің алдын алу және жәбірленушілердің құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1227292?lang=ru

Жауап қалдыру