«Тиімді оңалту практикасы» республикалық семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 мамырда СҚО әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Елжасов Орал қаласындағы облыстық «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» базасында өткен «Әлеуметтік оңалту орталықтарының үздік тәжірибелері және инновациялық тәсілдерді қолдану» атты республикалық семинарға қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Орталық қызметінің бағыттарымен, мамандардың жұмыс тәжірибесімен танысып, инновациялық тәсілдерді қолданудағы тиімді тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар Мүгедектігі бар адамдарға арналған дербес тұру орталығы, «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы сияқты әлеуметтік қорғау жүйесінің жекелеген мекемелеріне барып, стационарлық үлгідегі мекемелер жағдайында қызмет көрсетудің баламалы түрлерімен танысты, сондай-ақ «Жайық арена» спорт кешеніне экскурсия жасалды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1227789?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді