
Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар орталығында “Соңғы қоңырау” іс-шаралары кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифинг өтті.
Брифингке қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Алихан Алентаев қатысып, БАҚ өкілдеріне облыс аумағында мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар мектеп бітірушілер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңсыз автокортеждер ұйымдастыруға және жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатаң түрде жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар күшейтілді.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі, жасөспірімдердің мопед пен автокөлік басқаруы, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілетіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1227981?lang=ru

Жауап қалдыру