«TUR WORKOUT – ТӘРТІПКЕ ТАРТЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ЖОБАСЫ ЖЕТІСАЙДАН БАСТАУ АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«TUR WORKOUT – ТӘРТІПКЕ ТАРТЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ЖОБАСЫ ЖЕТІСАЙДАН БАСТАУ АЛДЫ
 
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының бірлескен жобасы – «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» облыстық жастар турнирі аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры Балғабаев Ерболат Темірболатұлының қатысуымен Жетісай ауданынан бастау алды.
 
«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында жүзеге асырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, тәртіпті, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жобаның жоғары деңгейде өтуіне Жетісай ауданының әкімдігі мұрындық болды. Жас буынның бойында жауапкершілік, патриотизм, заңға құрмет пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал ететін ауқымды бастамаға ауданның 14 пен 35 жас аралығындағы 200-ге тарта жастары қатысып, бекітілген ережеге сәйкес белтемірге тартылып, қоссырықта жаттығу жасады. Жерден қолды бүгіп-жазу арқылы өзара мықтыларды анықтады. Айта кетейік, сайысқа қатысушылардың ең жасы 14 жаста болса, ең қарт қатысушы 76 жаста.
 
Сондай-ақ, жоба аясында спорттық жарыстармен қатар танымал спортшылар, фитнес-жаттықтырушылары мен ұйымдастырушылар тарапынан жиналғандарға ақпараттық-түсіндіру кездесулері, мотивациялық алаңдар, профилактикалық әңгімелер және жастармен ашық диалогтар ұйымдастырылды.
 
Жоба аясында департамент қызметкері Қарсыбай Гүлзия жастарға дропперліктің қауіптілігі, банк карталарын бөтен адамдарға пайдалануға берудің заң алдындағы жауапкершілігі туралы айтып, қатысушыларды қаржылық алаяқтықтан сақ болуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстануға шақырды.
 
Бекітілген кестеге сәйкес облыстың барлық аудан-қалаларында өтетін жарыстың аудандық кезеңдерінің үздіктері шілде айында ҚР жаңа Конституциясының қабылдану күні қарсаңында финалдық кездесулерде жеңімпаздарды анықтайтын болады. Оза шапқандар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
 
Айта кетейік, сайысқа қатысуға өтінімдер барлық аудан-қалалардағы «Жастар ресурстық орталықтары» арқылы қабылданады.
 
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1227995?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді