Туляремияны қалай жұқтырмауға болады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туляремия – табиғи ошақты, жедел жұқпалы ауру. Ол ағзаның жалпы улануымен, дене қызуының көтерілуімен, лимфа түйіндерінің және инфекция енген жерге байланысты басқа да мүшелердің зақымдануымен сипатталады (көз, өкпе, тері, асқазан-ішек жолдары және т.б.).Ауру қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады: суда, ылғалды топырақта, астықта, сабанда және азық-түліктерде. Микроб кәдімгі дезинфекциялық ерітінділермен оңай жойылып, қайнаған суда өледі.Инфекция көзі – кеміргіштер, су егеуқұйрығы, ондатра, қояндар, тышқандар мен тоқалтістердің барлық түрлері, сондай-ақ кенелер. Туляремия инфекциясын сақтаушы әрі таратушы ретінде иксодты кенелердің маңызы зор. Кеміргіштер қоздырғышты нәжіспен және зәрмен бөліп, ашық су көздерін, құдықтарды, азық-түлікті, астықты, шөп пен мал азығын ластайды.

Туляремия қоздырғышы адам ағзасына зақымданған тері арқылы, көздің шырышты қабаты арқылы, ластанған азық-түлік пен суды пайдаланғанда, ауа-шаң арқылы, сондай-ақ жұқтырған қан сорғыш жәндіктердің (маса, сона, кене) шағуы арқылы енеді. Жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін көбіне 3–7 күн өтеді, кей жағдайларда 2–3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Ауру кенеттен басталып, дене қызуы 38–40 градусқа дейін көтеріледі, қалтырау, қатты бас ауруы және әлсіздік байқалады. 2–3 күннен кейін микроб енген жерге жақын орналасқан лимфа түйіндері ұлғаяды (мойында, құлақ маңында, қолтықта, шапта және басқа аймақтарда).

Туляремияның алдын алудың ең тиімді жолы – профилактикалық екпе алу. Вакцина ауыртпай салынады, емдеу-профилактикалық мекемелерде жүргізіледі және 5 жыл бойы қорғаныс береді. Туляремияға қарсы вакцина табиғи ошақтарда тұратын халыққа және кәсіби жұқтыру қаупі бар адамдарға жасалады. Олардың қатарына аңшылар, балықшылар, малшылар, егіншілер, көкөніс қоймаларының, элеваторлардың, ет комбинаттарының, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың қызметкерлері, мал және құс шаруашылығы фермаларында жем-шөппен, астықпен жұмыс істейтін мамандар жатады.

Екпеден бөлек, келесі қорғану шараларын сақтау қажет:кездейсоқ су көздерінен (құдық, бұлақ) қайнатылмаған су ішпеу; орманға барғанда өзін-өзі және бір-бірін тексеріп отыру; тұрғын үйлер мен елді мекендер маңындағы шөптерді шабу; бау-бақша алқаптары мен елді мекендер айналасындағы бейберекет қоқыс орындарын жою; балық аулау, табиғатта демалу кезінде, әсіресе өзен жайылмаларында, репелленттерді (кене шағуынан қорғайтын құралдарды) пайдалану. Кене шаққанда не істеу керек?
Кене жабысып қалған жағдайда алғашқы медициналық көмек алу үшін жақын жердегі медициналық мекемеге жүгіну қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1227371?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді