Заңнамалық өзгерістер түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

22 мамырда «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Әлеуметтік кодекс аясындағы әлеуметтік саладағы өзгерістер» тақырыбында «Ашық есік күні» өтті.Шараға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Міндетті медициналық сақтандыру қорының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің, Еңбек инспекциясының, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысты.Шарада Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина салық заңнамасына енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері» акциясын өткізуде – дейді өз сөзінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Шынар Мусина.

      «Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.

Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.

 Шара барысында келіп түскен сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1227443?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді