Жамбыл облысында барлық жазғы лагерь полиция бақылауына алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында барлық жазғы лагерь полиция бақылауына алынды

📌Жамбыл облысында балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Биыл өңір бойынша 217 мыңнан астам оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған.

🚔Осыған байланысты қазіргі таңда облыс аумағында балаларды қабылдап жатқан сауықтыру лагерлерінің барлығы полиция қызметкерлерінің бақылауына алынды.

👮‍♀️Әр лагерьге ювеналдық полиция инспекторлары бекітіліп, балалармен және лагерь қызметкерлерімен тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Профилактикалық кездесулер барысында жол қозғалысы ережелері, судағы қауіпсіздік, қоғамдық орындардағы тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілуде.

✅Сонымен қатар полиция қызметкерлері лагерь аумақтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеріп, балалардың бақылаусыз қалмауына ерекше назар аударуда. Әсіресе экскурсиялар, серуендер және су айдындары маңындағы демалыс кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

📍Профилактикалық есепте тұрған жасөспірімдер мен қолайсыз отбасылардан шыққан балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі де бақылауда.

– Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Осыған байланысты барлық лагерьлерде профилактикалық және түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Әрбір бала жазғы демалысын қауіпсіз әрі жайлы жағдайда өткізуі қажет, – дейді Жамбыл облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манас Абдикаримов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1227648?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді