
Жезқазған қаласындағы №22 жалпы білім беретін мектеп базасында Ғазиз Байтасов атындағы «Жас жол инспекторларының» ХХІ республикалық слетінің қалалық кезеңі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Слетке қала мектептерінен 12 команда қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, қатысушылар:
– жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін,
– үгіт-насихат жұмыстарын,
– велосипедті басқару шеберлігін,
– алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын,
– сондай-ақ шығармашылық және саптық дайындықтарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен №8 гимназия командасы жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жол қауіпсіздігі – әр азаматтың ортақ міндеті. Сондықтан тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау – қоғамның басты құндылығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1227742?lang=ru

Жауап қалдыру