«А. Байтұрсынов атындағы МДШО бар орта мектебінде нашақорлықтың алдын алу бойынша жиналыс»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 21 мамыр күні Қызылбалық ауылдық округі Көпбірлік ауылы А. Байтұрсынов атындағы МДШО бар орта мектебінде ата-аналармен нашақорлықтың алдын алу бағытында жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, ата-аналарға есірткінің зияны мен оның қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пайдалы кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1228392?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді