Әуежай қызметкерлері арасында санитариялық қағидаларды түсіндіру бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25 мамырда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау» АҚ қызметкерлері арасында санитариялық қағидаларды түсіндіру бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары, сондай-ақ 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығына сәйкес ауыз су қауіпсіздігінің гигиеналық нормативтері түсіндірілді. Семинардың мақсаты – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін суды пайдалану салдарынан туындайтын ішек инфекциялары, тырысқақ, дизентерия және басқа да аурулардың алдын алу шараларын талқылау болды. Сонымен қатар сумен жабдықтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар нақтыланып, сумен жабдықтау жүйелері арқылы тұтынушыларға берілетін ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мәселелері қарастырылды. Семинар барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар беріліп, өзекті тақырыптар бойынша жадынамалар мен брошюралар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1228580?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді