
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылғы 12 ақпандағы №36-НҚ бұйрығына және ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 25 мамырда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің және Қарағанды қаласының санитариялық-карантиндік бақылау мамандарының, сондай-ақ мүдделі мекемелердің қатысуымен («Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті», Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы, Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, әуежай желілік полиция бөлімі, әуежай қызметкерлері және әуежайға қатысы бар қызметтер) Қарағанды қаласындағы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ аумағында «Денге қызбасы» жұқпалы ауруына күдікті науқас анықталған жағдайда шұғыл профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қызметтердің дайындығын тексеру, іс-әрекет алгоритмі мен өзара іс-қимылды пысықтау, сондай-ақ жолаушылар арасында карантиндік аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда санитариялық-карантиндік бақылау қызметінің, желілік полиция бөлімінің, Қарағанды облысының медициналық мекемелерінің және әуежай қызметтерінің бірлескен эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу тиімділігін бағалау болды. Атап айтқанда, «Денге қызбасы» диагнозы қойылған жолаушы анықталған кездегі әрекеттер алгоритмі пысықталды. Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында науқасты инфекциялық стационарға жатқызу, байланыста болған адамдарды оқшаулау, шектеу және дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ медициналық мекемелердің өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Оқу-жаттығу жоспарланған тақырыпқа сәйкес өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1228574?lang=ru

Жауап қалдыру