Әулиекөл ауданында жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактісі тоқтатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әулиекөл ауданында жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану фактісі тоқтатылды

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдаланып көлік басқару фактісін тоқтатты.

Көлік тізгінінде өңірдің 36 жастағы тұрғыны болған. Ол көлік құралын көрінеу жалған мемлекеттік нөмірлермен басқарған. Аталған факті бойынша полиция әкімшілік іс қозғап, автокөлік полиция бөлімінің мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Полиция жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылатынын және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.#заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1228814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді