
2026 жылғы 25 мамырда жоғары оқу орындарының үздік түлектерін Қаржы министрлігінің органдарына жұмысқа орналастыру тетігін пысықтау бойынша ішкі пилотты іске асыру шеңберінде, ЖОО-мен өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізу туралы Қаржы министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, оның ішінде Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер, Абай облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық, Абай облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерімен бірлесіп Alikhan Bokeikhan University өкілдері мен түлектерінің қатысуымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында департаменттердің қызметі, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1228906?lang=ru

Жауап қалдыру