Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында пайдаланылмай жатқан, бос тұрған және иесіз коммуналдық меншік объектілерін анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында мемлекеттік мүлікке жүйелі түгендеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстардың нәтижесінде нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған объектілер айқындалып, оларды одан әрі шаруашылық айналымға тарту жөнінде, оның ішінде ашық конкурстық рәсімдер арқылы сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдануда. Тендер активтерді басқарудың цифрлық платформасы https://e-qazyna.kz/ арқылы өткізіледі. Объект: Спорт кешені, Сауда №: 442249 Орналасқан жері: Алматы облысы, Балқаш  ауданы, Миялы ауылы, Қасымбеков көшесі, №9. Тендерге біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуметті қатысушылар жіберіледі. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 28 мамыр сағат 10:55-ке дейін. Лот сілтемесі: https://sauda.e-qazyna.kz/kz/list/326962602040000000 Тендерге белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық мүдделі тұлғалар қатысуға шақырылады. Сауда-саттық рәсімі ашық әрі ашықтық қағидаттарына сәйкес жүргізіледі, бұл барлық әлеуетті қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Аталған мүмкіндік кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға, бизнесті ашуға және дамытуға, сондай-ақ аудан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-balkhash/press/news/details/1228836?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді