AMANAT: ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

AMANAT: ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ МЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жыл 25 мамыр күні «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысына Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов қатысты.

Жиын барысында «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы аясындағы құрылыс саласының 2026 жылға жоспарланған жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, ҚР 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы негізінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.

Жиында қаладағы құрылыс саласының даму барысы, тұрғын үй құрылысы, реновация бағдарламасы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Басты мақсат — халық алдындағы міндеттемелердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1228430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді