Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 19-22 мамырда Арал және Қармақшы аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидалары» бойынша сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) кезінде медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау тәртібіне қатысты, сондай-ақ «сапасыз толтырылған» деген сараптамалық қорытындысы белгіленген жағдайлар бойынша дәрігерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 15 қосымшасы «Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіндегі» 15 нозологиялық нысандар бойынша ескертулер жасалып, нұсқаулар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1228892?lang=ru

Жауап қалдыру