
Осы күндері Ақтау қаласында өтіп жатқан самбо күресінен Азия және Океания чемпионатында шеберлер категориясы бойынша жерлесіміз Сейсембеков Жанат жүлделі орын иеленіп, ел мерейін үстем етті!
Бұл — табандылық пен қажырлы еңбектің, спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Жерлесіміздің жетістігі — барша ауылымыз үшін үлкен мақтаныш!
Сейсембеков Жанат мырзаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, көк туымызды көкте желбірете беруіне тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-uspen/press/news/details/1228408?lang=ru

Жауап қалдыру