АУДАН ӘКІМІ МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов ауданның Қызылбұлақ округінде орналасқан «Алтиес Петролеум Интернэшл» және «Алтай Ресурс Компани» мұнай компанияларының кен орындарын аралап, компаниялардың жұмыс барысымен танысты.

Компания басшыларымен кездесу барысында аудан әкімі
– аудан бюджетіне түсетін салық түсімдерінің көлемін арттыруды,
– ⁠жаңа инвестициялық жобаларға көңіл бөлуді және экологиялық талаптарды қатаң сақтауды,
– ⁠жергілікті жұмысшылардың үлесін арттыруды,
– жалақы мен әлеуметтік төлемдерді кешіктірмеу мен жұмыс шарттарын жетілдіруді,
– ⁠”Таза Қазақстан”⁠ бағдарламасы аясында компания айналасын абаттандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, 2 компания басшыларына ауданға әлеуметтік көмек көрсетуді, соның ішінде аудан орталығы мен Жарқамыс, Қызылбұлақ ауылдарында
– саябақ салу,
– ⁠абаттандыру,
– ⁠өрт сөндіру гараждарын салу жобаларын тапсырды.

Кездесу соңында жұмысшылармен кездесіп, асхана мен жатақханаларындағы жағдаймен танысты.

Аудан әкімі Айбек Көпенов өңірде өндіріс көлемін арттырумен қатар, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту және елді мекендерді дамыту аудан территориясында орналасқан компаниялардың басты міндеттерінің бірі болып қала беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1228229?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді