АУДАН ӘКІМІ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін оқу жылының аяқталуына орай Аманкелді ауылындағы №42 Қуаныш Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінде мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаты Руслан Каскиев, ауыл әкімі, ардагерлер, ұстаздар және ата-аналар қатысты.
Жиында аудан әкімі жас түлектерді өмірлеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, сапалы білім мен саналы тәрбиенің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, білім саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарға алғыс білдіріп, мектеп бітіруші жастарға сәттілік тіледі.
Салтанатты шара барысында үздік жетістіктерімен танылған оқушылар мен ұстаздардың еңбегі ерекше аталып, мектеп ардагерлері мен ата-аналар ақ тілектерін жеткізді. Түлектер де ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жас түлектерге жарқын болашақ пен ақ жол тілейміз!
Аманкелді а/ о әкімдігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-amangeldi/press/news/details/1228707?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді