
Сауран аудандық мәслихаты төрағасының
2026 жылғы 26 мамырдағы №5
ШЕШІМІ
Сегізінші шақырылымдағы
Сауран аудандық мәслихатының
кезектен тыс қырық бесінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, 2026 жылғы 29 мамырда сағат 16:00-де Шорнақ ауылында сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы шақырылсын.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасыС.Байсбаев
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТА
Сауран аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес, Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы 2026 жылғы 29 мамырда сағат 16:00-де аудан әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, М.Темірбаев көшесі №30, Сауран ауданы әкімдігінің ғимараты (1-қабаттағы кіші мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 29 мамыр сағат 15:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі. Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
1. Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
2. Сауран ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
3. Сауран аудандық мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы №212 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін. Сегізінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясының онлайн-трансляциясы «Facebook» әлеуметтік желісінде жүргізілетін болады.
Сауран аудандық
мәслихатының төрағасы С.Байсбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sauran/press/news/details/1228991?lang=ru

Жауап қалдыру